Экономика

«Атамекен» Өзбекстанмен туризм саласында меморандум түзді

«Атамекен» ҰКП Өзбекстанмен туризм саласында ынтымақтасу бойынша меморандум түзді. Қол қойылған меморундум аясында бірлескен жоспар құру келісілді.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 12:12

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  хабарлағандай, Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның  Өзбекстанның жеке туристік  ұйымдары Қауымдастығының  төрағасы  Набижон Касимовпен кездесуінде  туризм саласындағы  өзара тиімді мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, бірлескен  туртоптамалар мен  екі елдің көрнекті жерлері  мен трансшекаралық дамыту, медициналық  туризм  бойынша  ілгерілету мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ, туризм саласында танымалдылыққа ие – караванингті жандандыру,  Ұлы Жібек  жолы бойынша бағыттарды әзірлеу мен екі ел арасындағы көрнекті жерлер бойынша ақпарат тарату   мәселелері де тілге тиек болды. 




Яндекс.Метрика