EXPO-2017

Германия 2050 жылға қарай түбегейлі ЖЭК-ке көшеді (ВИДЕО)

Германия 2050 жылға қарай түбегейлі жаңартылған энергия көздеріне көшеді. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Германия павильонының бас комиссары Дитмар Шмитц хабарлады.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 11:34

Германия павильонында келушілерге экологиялық таза технологиялар, инновациялық әдістер мен алдыңғы қатарлы шешімдер туралы ақпарат танымдық-ойын  үлгісінде  жеткізіледі.

«Немістердің павильонында жаңартылған энергия көздері - жел, су, биомасса, геотермия мен күн қойылған. Германияда барлық жаңартылған энергия көздері пайдаланылады, басым бөлігі - 60%-ы жел мен күн энергиясы. Сонымен қатар, атом электрстанциялары да бар, олардың үлесі 30%. Алайда 2030 жылға қарай  олар мүлдем жойылады. Ал,  2050 жылға қарай Германия түбегейлі жаңартылған энергия көздеріне көшеді», - деді Д. Шмитц.

Германия павильоны made in Germany жаңартылған энергия саясатына арналған. Бұл өз кезегінде аталмыш мемлекетке баламалы энергия көзі саласында әлем бойынша көш бастап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Германия павильонының ұраны «Энергия – дұрыс жолда» (Energy on Track). 

Қайрат Жандыбаев

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика