Өңірлер

ШҚО-да Үбі өзені арқылы жаңа көпір салынады

ШҚО-да үстіміздегі жылы Осинов асуын айналып өтетін жаңа жолдын құрылысы жоспарланған, деп хабарлады ШҚО-ның облыс әкімдігі.
Шығыс Қазақстан26 Маусым , 10:36

Рахман қайнарына, Зырян қаласына және осы бағыттағы барлық тұрғылықты жерлерге апаратын жаңа жол осы уақытқа дейін қауіпті жол бөлігі болып саналып келген Осинов асуын айналып өтпек.

 «Қазірде жердің құнарлы бөлігі алынып, жол құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Толыққанды құрылыс жұмыстары шілде айында басталмақ. Сонымен қатар, 2017 жылы үш жылға жоспарланған Алматы-Өскемен, Омбы – Майқапшағай тас жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары өткізіледі», – делінген хабарламада.

Аймақта бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдар да жөндеуден өтіп қана қоймай, қосымша жабдықтар да орнатылмақ.

Атап айтсақ, жолдың қауіпті бөлігінде жүргізушінің назарын аулау үшін дыбыс жолақтарын және жарық диодты жол белгілерін орнату жаспарланған.

Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметов жалпы жұмыс барысына оң бағасын бере отырып, жөндеу жұмыстары барысындағы проблемаларды да назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

 




Яндекс.Метрика