Ұлтаралық бірлік

«Достық жолымен» көрмесі ҚХА тарихы туралы сыр шертеді

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі құрметіне «Достық жолымен» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 09:51

ҚХА хабарлағандай,  сурет көрмесінің мақсаты-қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу, келушілерге тәуелсіз Қазақстанның және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи қалыптасуын, жарқын дамуын таныстыру.

 «Достық жолымен» көрмесі-бұл қазақстандық фотографтардың әріптестік жобасы болып саналады. Аталған жоба жұмысының авторлары- Владимир Курилов, Василий Крась, Нұрсұлтан Байбулин және Жеңіс Ағыбай.

«Көрмеге 50-ден аса жұмыстар ұсынылды, олардың әрқайсысы қоршаған ортаның әсемдігін, біздің достығымызды және бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді паш етеді.Көрме кең көлемдегі қатысушыларға арналған, ол елорда тұрғындары мен қонақтарына зор қызығушылық туғызатыны күмәнсіз», - дейді ұйымдастырушылар.

 

 





Яндекс.Метрика