Энергетика

Шымкент мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін құятын қондырғы іске қосылды

Қазақстанда мұнай өнімдерін нүктелік құятын, автоматтандырылған алғашқы қондырғы Шымкент мұнай өңдеу зауытында сәтті іске қосылды, деп хабарлады Қазақстанның Энергетика министрлігі.
Южно-Казахстанская область24 Маусым , 15:09

Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС) «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру» жобасын іске асыру аясында Қазақстанда мұнай өнімдерін нүктелік (саңылаусыз) құятын, автоматтандырылған алғашқы қондырғы өндіріске енгізілді. Мұнай өнімдерін нүктелік құятын, автоматтандырылған қондырғыда алдын ала іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізіліп, қондырғы сынаудан өткізілді, яғни бензиннің алғашқы партиясы қабылданып, бензин вагон-цистерналарға құйылды. Сондай-ақ, зауыт мамандары көбікпен және газбен өрт сөндіру жүйелерін, динамикалық жабдықтарының электрлік схемаларын, технологиялық процестерді автоматты басқару жүйелерін және бақылау-өлшеу аспаптарын тексеруден өткізді.

"Көмірсутекті буларды рекуперациялайтын блогы бар, мұнай өнімдерін нүктелік құятын, автоматтандырылған қондырғы экологиялық талаптарды ескере отырып жобаланып, салынды. Қондырғы технологиясы жолдың екі бөлек нүктелері бойынша мұнай өнімдерін вагон-цистерналарға әрқайсысы телескопиялық жабдықтар арқылы сағатына 730 м3 өнімділікпен саңылаусыз құюды қамтамасыз етеді, бұл технология көмірсутек буларының атмосфераға шығуын болдырмайды", - деп түсіндірді ведомствода.

Мұнай өнімдерін нүктелік құятын, автоматтандырылған қондырғының бензин құю бойынша қуаты жылына 2,5 млн. тоннаны құрайды және оның қуаты келешекте авиакеросин бойынша жылына 0,5 млн. тоннаға, дизель отыны бойынша жылына 2 млн. тоннаға кеңейтілетін болады.

Еске сала кетейік, бұрын «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру» жобасын іске асыру аясында дизель отынын гидротазалайтын, күкірт өндіретін жаңа қондырғылар мен жаңа газ-алау қондырғысы іске қосылған болатын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жоғары октанды бензинді алуға мүмкіндік беретін нафтаны изомерлеу қондырғысы мен жалпы зауыт нысандарында іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. 




Яндекс.Метрика