Мәдениетті жаңғырту

«Қазақ елі» журналы Еуропаның 8 елінде шығады - С.Шабан

Шет елдердегі қазақ диаспорасының мәдениет, спорт және БАҚ мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында қазақ диаспорасының өкілі – қазақ-түрік білім, ғылым және зерттеулер қауымдастығының төрағасы Серкан Шабан Түркиядағы өз жұмысы жайында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 24 Маусым, 12:03

«Біздің делегациямыздың 80%-ын жастар құрайды. Біз өзіміздің тарихи Отанымызға жастарды арнайы жібереміз, себебі олар Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік ахуалын білуі керек.  Президенттің қатысуымен өткен қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Өткен құрылтайдан нәтижелі әрекеттер күтеміз», - деді С. Шабан.

Серкан Шабан атап өткендей, Стамбулда қауымдастық қазақ тілінде білім, ғылым саласындағы әр түрлі конференциялар ұйымдастырып отырады. Сондай-ақ, қауымдастық қазақ диаспорасына арналған халықаралық журнал да шығарады.  

«Бізде «Қазақ елі» журналы бар, ол біздің туған тілімізде шығарылады. Ол тек Түркияда ғана емес, сонымен қатар Еуропаның 8 елінде жарық көреді. Біздің одан арғы мақсатымыз – оны ондаған елдерде барынша көбірек тарату», - деп ақпараттандырды спикер.

Еске сала кетейік, қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайының жұмысы 25 маусымға дейін жалғаспақ.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика