Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Денсаулық сақтау министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын іске қосты

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп «Жәрдем-Содействие» акциясын іске қосты, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Казахстан24 Маусым , 13:04

Акция Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өтуде.

Денсаулық сақтау саласындағы қаржылық заң бұзушылықтармен (жалақыны уақытылы төлемеу, сыбайлас жемқорлық, алым және т.б.) бетпе-бет келген медицина қызметкері немесе пациент «Жәрдем-Содействие» белгісімен шағымдарын 100@rcrz.kz электронды мекенжайына жібере алады.

"ДСДРО алған ақпаратты тексеру және бақылау шараларын қабылдау үшін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қарауына жібереді", - деп түсіндірілді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Аталған акция азаматтардың санасын күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық заң бұзушылық фактілерін анықтаудағы ашықтықты, жариялылықты және жеделдікті арттыруға бағытталған.  




Яндекс.Метрика