Парламент

Мәжілісте мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге қатысты қаулы қабылданды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыны қабылдады.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Аталған заң жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізуге және олардың қолдану салаларын кеңейтуге бағытталған. Біздің комитет осы заң жобасын жұмысқа алып, қорытынды әзірлеуге дайын», - деді аталмыш құжат бойынша баяндама жасаған Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов. 

Депутаттар осы комитеттің аталмыш заң жобасына қатысты қорытынды әзірлеуін қолдап, дауыс берді. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика