АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ОҚО-да 600-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Оңтүстік Қазақстанда 600-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады, бұл туралы Қазығұрт ауданының "Ханшайым" кооперативіне баспасөз туры барысында белгілі болды.
Южно-Казахстанская область24 Маусым , 14:32

Елімізде биыл қабылданған «АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 473 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Бұл кооперативтерге 52 мыңнан астам ұсақ шаруа қожалықтары біріккен. 

Қазығұрт ауданындағы «Ханшайым» кооперативі мал бордақылап, оның етін өткізумен айналысады. Сексенге жуық мүшесі бар кооперативте бүгінде 1000-нан астам ірі қара бордақылануда. Сонымен қатар, оның меншігінде 50 басқа арналған мал сою бекеті мен арнайы қоймалар бар.

Мемлекеттен жеңілдікті несие алу ісі қолжетімді бола түскенін айтқан кооператив төрағасы Сырым Ертаев дайын өнімді өткізуде кедергілер жойылып, етті экспорттауға мүмкіндік молайғанын атап өтті. 

"Бүгінде мал етін өткізу үшін еліміздің өзге аймақтарынан бөлек, Өзбекстан және Ауғанстанмен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, кооператив мүшелері мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен жеңілдікті несиелер алу үшін құжаттар дайындау үстінде", - деді ол.

Жалпы, 2021 жылға дейін ОҚО-да 90 мыңға жуық жеке шаруа қожалықтарын біріктіретін 600-ден астам кооператив құрылады деп жоспарлануда.




Яндекс.Метрика