ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақстанда ғылыммен айналысатын бизнеске қолдау көрсетілуде

Павлодарда отандық тауар өндірушілер мен жүйе құрушы кәсіпорындар ірі жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алуында импортты алмастыру бағдарламасын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ.
Павлодар24 Маусым , 11:34

«ДСҰ мен ЕАЭО-ға кіргеннен кейін жаңа әдістер әзірленіп жатыр», - деді «NADLoC» АҚ төрағасының орынбасары Дмитрий Усов. 

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 3 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы еліміздің әрбір ірі кәсіпорнында жергілікті қамтуды арттыруды және бизнеспен бірлесіп, әрбір ірі кәсіпорын бойынша жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша нақты нысаналы индикаторларды орнатуды тапсырған болатын.

Осыған байланысты, NADLoC ең ірі компаниялардың технологиялық процесі үшін қажетті тауарларға мұқтаждықтықтың толық талдауын жүргізіп, Павлодар облысындағы отандық тауар өндірушілердің әлеуетін зерттеді.

Жиын барысында «Ғылым қоры» АҚ үйлестірушісі Гомар Қажкенов 2016 жылы «Ғылым қоры» коммерцияландыру жобаларын әзірлеу бойынша гранттық қаржыландыру операторы болып белгіленгенін айтып берді.

«Бүгінгі таңда инновациялар – бізге де келіп жеткен табыс кілті. Ғылымды әзірлемеге енгізбейінше, ешбір өндіріс тіпті ТМД шегінде де бәсекелесе алмайды. Сондықтан, өткен жылдан бастап Үкімет осы тұрғыда белсенді жұмыс атқаруда», - деп қосты Гомар Қажкенов.

Ол әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша арнайы заң шығарылғанын еске салды.

«Қазір ғылым бизнес үшін пайдалы болуы үшін көп қаражат бөлінеді. Әзірлемелер қолданбалы болуы және өндірістерден шығуы тиіс. Ғылым өндірушінің нақты проблемалары бойынша жұмыс істейді. Ақша аз емес – бір грантқа 300 млн теңге. Ғылым мұндай ірі жобаларды өз бетінше іске асыра алмайды. Өтініш беруші өз әзірлемесі бар ғылыми ұйым болуы тиіс, ал ол кәсіпорындарда іске асырылады. Өткен жыл қорытындылары бойынша 31 жобаның 24-інде бизнес бар. Біз сіздерді осы жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ, біз «NADLoC» АҚ-мен тығыз жұмыс жасаймыз деп үміттенеміз» - деп мәлім етті Гомар Қажкенов.

Дөңгелек үстел соңында Дмитрий Усов «NADLoC» АҚ өндірушілерге тұрақты сұранысқа ие тауарлар тізбесін жіберетініне уәде берді. Өндірушілер оны мұқият зерттеп, әлі шығарылмайтын, бірақ жаңғыртудың көмегімен оны орындауға әзір тауарларды көрсетуі тиіс.

«Бұл сіздерді тікелей жұмыс жасайтын компаниялар тізбесіне енгізу үшін қажет. Бұл жұмысқа бізде әкімдік пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылған. Біз осы тізбеге енетін әрбір кәсіпорынға нақты бір қызметкерді бекітеміз», - деп атап өтті Д. Усов.

Айта кетейік, жиналысқа Павлодар облысы әкімдігінің, «Атамекен» өңірлік палатасының, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ, «Ғылым қоры» АҚ, KAZMinerals, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық топ» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС өкілдері, сондай-ақ, Павлодар қаласы мен Павлодар облысының 20-дан астам отандық кәсіпорындарының өкілдері қатысты. 




Яндекс.Метрика