Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда автомобиль өндірісі 4 есе өскен

Қазақстанда автомобиль өндірісі 4 есе өсті, деп хабарлады «ҚазАвтоӨнеркәсіп» АҚ.
Казахстан24 Маусым , 11:13

Жыл басынан бері Қазақстанда 43,4 млрд теңге сомасына 6 950 автомобиль өндірілген. Автомобильдер өндірісі 4 есе өскен. Жергілікті жерде құрастырылған автокөліктерді өткізу 38,2%-ға өскен.

Осы ретте, Қазавтоөнеркәсіп үлесі ішкі нарықта 20,7%-дан 33,7%-ға дейін өскен. Автоөнеркәсіптің республиканың ЖІӨ-сіне қосқан үлесі жеңіл және фармацевтика өнеркәсібінің көрсеткіштерінен асып, 18,6%-ға (43,4 млрд теңге) өскен.

«Жеңіл автомобильдер өндірісі 6 263 бірлікке жетіп, 6,4 есе өскен. 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезең қорытындылары бойынша автобус техникасының шығарылымы (131 бірл.) бір жыл бұрын болған көрсеткіштен 4,5 есе асқан. Осы ретте, жүк автомобильдерінің өндірісі (380 бірл.) 30%-ға қысқарған», - деп ақпараттандырды компанияда.

2017 жыл қорытындылары бойынша автомобильдер шығарылымы 1900 бірлікті құрады (2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,6 есе өскен).

Отандық автозауыттар жыл басынан бастап 5323 бірлікті өткізген, бұл өткен жылғы мәннен 38,2%-ға жоғары. Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 20,7%-ға қарсы 33,7%-ға жеткен. Осы ретте, мамырда бұл көрсеткіш тарихи ең жоғарғы көрсеткішін жаңартып, 37,3%-ды құраған.

Сала кәсіпорындарының республикамыздың ЖІӨ құрылымына үлесі бес ай қорытындылары бойынша 43,4 млрд теңгені құраған (бір жыл бұрын болған көрсеткішке +18,6%), бұл жеңіл және фармацевтика өнеркәсібінің ұқсас көрсеткіштерінен едәуір асады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезең қорытындылары бойынша сала кәсіпорындарының негізгі капиталға инвестициялары бір жыл бұрын болған 184 млн теңгеге қарсы 3 млрд теңгеге жеткен. 

 




Яндекс.Метрика