Адами капитал

Д.Абаев: Адамзаттың маңызды сын - тегеуріні жалған ақпараттың көптігі

Заманауи әлемдегі ақпараттық кеңістік қажетті және қажетті емес, тексерілмеген немесе дұрыс түсіндірілмеген ақпаратқа лезде толады. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер ғасырында ақпараттық шабуылға ұшырамау күннен күнге қиындап барады және телефон арқылы бір ғана таратылым жасап, адам санасын басқару оңай болып барады. Осы проблемалар жайында өз пікірін ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 14 Еуразиялық медаи форум аясында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 19:08

«Мені адамдардың саны алаңдатады. Осы жерде айтылатынның барлығы барша қазақстандықтар үшін, әсіресе журналистер үшін қызықты болуы тиіс деп ойлаймын. Екіншіден, меніңше, күн тәртібін аздап тарылту керек. Бұл менің министр ретіндегі болжамым. Осы жерде айтылғанның барлығы дұрыс. Әлем бұрын болмаған жылдамдықпен өзгеріп келеді, онымен бірге ойлау, әлемді қабылдап-түсіну де өзгереді», - деді Д.Абаев.

Сондай-ақ ол бүгінде ақпараттың ауқымды көлемде түсіп жатқанына қарамастан, адамдарды алда-арбау мүмкіндігі өсіп келе жатқанын атап өтті, бұл біздің алдымызда тұрған сын-тегеурін.

«Алдап-арбау алаяқтар тарапынан да, бүлдіргіш күштер тарапынан да орын алады. Ақпарат неғұрлым көп болса, адамдарға оны пайдалану соғұрлым қиын болады. Бүгін Экспо көрмесінде болғанымда, болашақта биылғы жылдың соңында Қазақстан поездарында жоғары жылдамдықты интернет желісі қосылатынын білдім, ол фильмдерді, әлеуметтік желілерді, ойын-сауық контентін көруге мүмкіндік береді. Ал меніңше, мұның теріс жағы да бар сияқты. Себебі сол уақыт ішінде кітап оқып үлгеруге болатын еді», - деп бөлісті министр.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика