Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстандықтар МӘМС аясында жеке меншік клиникаларға жүгіне алады

Қазақстанда 2 мың мемлекеттік емхана жұмыс істейді. Бұл туралы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Пікірталас клубы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 19:32

«Қазақстанда 2 мың мемлекеттік  және 1926 жеке меншік емхана жұмыс істейді. Олар медициналық көмек көрсету алаңын ұтып алу  байқауына қатысады.  Сәйкес  қондырғылары мен  дәрігерлер мамандандырылған,  рұқсат алатын жеке меншік клиникалалар медициналық қызметті  мемлекеттікпен  бірдей дәрежеде көрсетеді», - деді Қ.Омаров.

Осылайша, жеке меншік емханалар скринингтік тексерістен  өтіп, есеп дайындайтын болады.

Қ.Омаровтың  айтуынша, мемлекеттік  емханаларда  міндеттер өте көп.

«Мемлекеттік емханаларда неге адам саны өте көп?  Кезек  қалай пайда болады?  Себебі, олардың міндеттері бастан асады. Олар рецепт жазып береді, бізде  дерттің   47 түрі бар, оларға мемлекет тегін рецепт жазып береді. Оларға барынша көңіл бөлу керек. Ертең жеке меншіктегілер де тура осы қызметті атқарады. Бұл емдеу шекарасы кеңейеді деген сөз.  Біз халыққа медициналық көмекті жақындата түсеміз», - деді Қ.Омаров.

Оның айтуынша, егер де тұрғындар  мемлекеттік емханаға барғылары келмесе, МӘМС-мен келісімге отырған  жеке меншікке барады, олар сол жерде көмек алуға толық құқылы.  Ал, егер жеке емхана  МӘМС- мен келісімге отырмаса, рұқсат алмаса   емдеу үшін  өз қалтасынан  төлеуге тура келеді.

Айта кетейік,  Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі  Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілді.

Бақытгүл Шәркенова 




Яндекс.Метрика