Ұлт жоспары 100 нақты қадам: МӘМС

МӘМС: Жеке меншік және мемлекеттік клиникалар арасындағы айырмашылық

МӘМС енгізу кезінде жеке меншік және мемлекеттік клиникалар арасындағы айырмашылық туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарушы директоры Эрик Байжүнісов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Пікірталас клубы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 18:44

« «Мейірімде» (Астанадағы жеке меншік клиника)  қанша адам жұмыс істейтінін, қандай қондырғы барын   білесіз  бе? Біз бұл сұрақтарды жеке меншік клиникаларға қоймаймыз? Олар туралы хабарсызбыз.  Алайда, адамдар көмек алып, қанағаттанады. Мемлекеттік емханаға барсаңыз, неге оларда эндокринолог жоқ, қондырғылары неге істемейді деген сұраққа душар боласыз», - деді ол.

Э.Байжүнісов атап өткендей, бұл бюджеттік  және жеке меншік арасындағы айырмашылық.

«Қазір біздің жүйе  келер жылы нарыққа кіру үшін барынша жағдай жасауы керек, оның ішінде жеке меншік  денсаулық сақтау субъектілері бар. Біздің  жүйеге жеке меншік клиникалардың енуіне өте күрделі. Себебі, құжаттар топтамасын жинау керек, бірқатар бұйрықтарды орындау қажет», - деді ол.

Э.Байжүнісовтың айтуынша,  министрдің тапсырмасы бойынша барлық кедергілер жойылды.

«Бізге  2-3 құжаттың рұқсаты болса жеткілікті. Мәселен, «Мейірімге» қаншалықты адам тіркелсе,  соншалықты жеке меншік клиника   табыс табады.  Егер сіз стационарды таңдасаңыз, өз қаражатыңыз айналып келеді. Дәрігерлердің тапшылығы да осыдан туады, олар тәжірибе жинаған соң жеке меншік нысандарға кетеді. Жеке сектордағы пішін бойынша ауруханалар мен емханаларға қаржы төлейтін болсақ, жүйе біршама өзгереді», - деді ол.

Айта кетейік,  Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі  Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілуде. 

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика