Баланы қорғау

2013 жылы ҚР-да нәресте өлімі 16%-ға азайды

Биылғы жылдың 11 айында өткен жылмен салыстырғанда нәресте шетінеуі 16%-ға азайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Желтоксан , 10:04

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде селекторлы режиммен республикалық медицина ұйымдары мен өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілерінің қатысуымен нәресте шетінеуін азайтудың шараларын қабылдау бойынша Республикалық штабтың отырысы өтті», - делінген хабарламада.

Шарада соңғы 5 жылда нәресте шетінеуі 2 есеге азайғаны және биылғы жылдың 11 айында өткен жылмен салыстырғанда нәресте шетінеуі 16%-ға төмендегені айтылды.

Сонымен қатар, министр балалар дәрігерлері мен акушер-гиникологтардың біліктілігін арттыру керектігін баса айтты.

Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, денсаулық сақтау органдары жетекшілерінің жеке басы жауапкершіліктерін күшейту керек.

Айта кетейік, нәресте шетінеуі бойынша барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Жиын барысында министр балаларға медициналық қызмет көрсету стандарттарын орындау бойынша мониторингті күшейту тапсырмасын берді.




Яндекс.Метрика