Ұлт жоспары 100 нақты қадам: МӘМС

Мемлекет шетелдіктердің денсаулығы үшін де төлейді - Э.Байжүнісов

Мемлекет Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктердің денсаулығы үшін де төлейді, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру»ҰАҚ басқарушы директоры Эрик Байжүнісов.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 18:34

«Мемлекет Қазақстанда тұрып жатқан және салық төлейтін шетел азаматтары үшін де төлейді. Олар оралмандар және тағысын тағылар, халық түгелдей жедел медициналық көмекті алатын болады. Оның үстіне бізде өзге мемлекеттермен келісім бар. Кез-келген мемлекетте жедел медициналық көмек тегін көрсетіледі», - деді ол.

Осы ретте, спикер атап өткендей, стационардағы жоспарланған көмек  сақтандырудың қаржысына көрсетілетін болады.

«Ешқашан көмек көрсетілмейді деп ойламаңыздар. Егер де стационарда жоспарлы қабылдауда сіздің сақтандыруыңыз болмаса біз сізге ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Әр адам тіркелуі және төлеуі керек, тіпті сіз жұмыссыз болсаңызда жұмыссыз ретінде тіркеліп өзіңізге тиесілі көмекті ала аласыз.   Бірінші кезекте адам өз денсаулығына өзі жауап береді, ендігі кезекте оған оның жұмыс берушісі мен мемлекет өзінің халқының денсаулығына жауапты», - деп түйді Э. Байжүнісов.

Естеріңізге сала кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық сараптамалық порталы пікірталас форматында «Астана радиосының» (101.4 FM) тікелей эфирінде жаңа жобаны іске қосты.  Бүгін жоба қатысушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылауда.  Эрик Бажүнісов жедел медициналық көмекті қалай алуға болатыны туралы айтып берді. 

Гүлтай Хасенова 




Яндекс.Метрика