Ұлт жоспары 100 нақты қадам: МӘМС

Мемлекет 10 млн тұрғын үшін міндетті сақтандыру қорына төлем енгізеді

10 млн тұрғын үшін міндетті сақтандыру қорына мемлекет төлейді Міндетті медициналық сақтандыруды төлей алмағандарға мемлекет төлем салады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ басқарушы директоры Эрик Байжүнісов Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған Пікірталас клубы барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 17:26

Э.Байжүнісов айтып өткендей, басты мәселе  қаржыландыру жүйесін  реформалау болып табылады.

«Денсаулық сақтау   жүйесіндегі төлемдерді жүзеге асыра алмайтын топ үшін жауапкершілікті мемлекет алады, демек барлық шығынды өзі өтейді.  Бұл зейнеткер, мүгедектер мен  жүкті, көпбалалы аналар мен соғыс ардагерлерінен тұратын  14 санат», - деді ол.

Еңбек биржасында  ресми түрде тіркелген  жұмыссыздар  үшін де  төлемді мемлекет жүзеге асырады.

«Халықтың екінші тобы – жұмыс берушілер  өз қызметкерлері үшін төлемді осы жылдың  1 шілдесінен бастап  МӘМС төлемдерін   салатындар. Үшінші топ – 1 шілдеден бастап төлем салатын  жеке кәсіпкерлер.  Енді  міндетті әлеуметтік  сақтандыру қорында  науқастардың емделуіне жұмсалатын салымдар болады», - деді спикер.

Айта кетейік,  Strategy2050.kz ақпараттық-сараптамалық порталы «Астана радиосынан» (101.4 FM) тікелей эфирде Пікірталас клубы форматында жаңа жобаны іске қосты.Бүгін бағдарламаға қатысушылар  Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді талқылап жатыр.Жобаның онлайн көрсетілімі  Strategy2050.kz порталы мен Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетілуде.

 




Яндекс.Метрика