Ұлт жоспары 100 нақты қадам: МӘМС

Мемлекет азаматтардың денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алып отыр – Қ.Омаров

Мемлекет өз азаматтарының денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алып отыр, деп ағынан жарылды «Ұлттық кардиохирургия орталығы»АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қадыр Омаров.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 17:14

«Біз Қазақстанның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша қандай жолмен жүретінін ұзақ талқыладық. Себебі, бүгінде көптеген елдер МӘМС-пен жұмыс істеуде және нәтиже жаман емес.  Біздің әріптестер көптеген жолдарды қарастырды және біз бүгін келіп отырған жолды таңдады. Бұл әлеуметтік жол, салыстырмалы түрже айтатын болсақ біз 9%-дың орнына жалақының 2%-ын ғана алдық», - деді спикер.

Оның айтуынша, МӘМС-ті енгізу ағымдағы жылдың  1 шілдесінен басталып, 2024 жылы толығымен енгізіліп бітеді. 

«МӘМС-ті енгізу ағымдағы жылдың  1 шілдесінен басталып, 2024 жылы аяқталады. Егер, бізде 17,5 млн халық болса, онда олардың 10 млн-ы  бюджетте қалады. Мемлекет олардың денсаулығына деген жауапкершілікті  өз мойнына алады. Қалған 7 млн – жұмыс істейтін халық, олар өздерінің денсаулығының қауіпсіздігіне төлеуі тиіс. Жалпы, 22 мен 50 жас аралығындағы азаматтар әрқашан денісау және жас болып өмір сүреміз деп ойлайды. Алайда, статистикаға сүйенсек медициналық көмектің 80%-ы егде жастағыларға көрсетіледі және оларды емдеу жыл өткен сайын қымбаттай түсуде. Осы ретте, нақты бір жарна төлеу арқылы біз өзімізге келешекте тегін медициналық көмекті кепілдендіреміз. Біз бұл туралы бүгін ойлауымыз керек. Оның үстіне сақтандыру көлемі соншалықты үлкен емес», - деп толықтырды Қадыр Омаров. 

Ол атап өткендей, бүгінде  денсаулық сақтау саласы медициналық көмектің қымбаттауын көтере алмай отыр. Сондықтанда, денсаулық сақтау саласына қаржылай көмек көрсету мақсатында сақтандыру жүйесі енгізілуде.  

Естеріңізге сала кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық сараптамалық порталы пікірталас форматында «Астана радиосының» (101.4 FM) тікелей эфирінде жаңа жобаны іске қосты.  Бүгін жоба қатысушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін талқылауда.  Жобаның онлайн-көрсетілімі Strategy2050.kz сайтында және порталдың Facebook-тағы ресми парақшасында жүргізілуде.

Гүлтай Хасенова




Яндекс.Метрика