Білім беру

Қазақстан Орталық Азиядағы ірі білім беру хабына айналуда (ФОТО)

Қазақстан Орталық Азиядағы ірі білім беру хабына айналуда. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Жанболат Мелдешов «International Education Fair-2017» көрмесінде мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 14:34

«Қазақстан Орталық Азиядағы ірі білім беру хабына сенімді айналуда. «International Education Fair-2017» көрмесінің бас ерекшелігі Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері Білім министрлерінің екінші кездесуі шеңберінде өтетінінде. Осы кездесу – Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасында алғаш рет Қазақстан аймағында өткен өте маңызды іс-шара», - деді  Халықаралық бағдарламалар орталығы президенті Жанболат Мелдешов.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай,  ауқымды іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне бірігу үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Көрме шеңберінде қос диплом бағдарламалары бойынша дөңгелек үстел отырысы шетелдік жоғары оқу орындары өкілдері қатысуымен ұйымдастырылды. Шетелдік білім беру ұйымдары өз стипендиалдық бағдарламаларымен, тағылымдама бағдарламаларымен және оқуға түсу шарттарымен таныстырып өтті.

Сонымен бірге ЖОО-да оқытудың инновациялық әдістері мәселелері бойынша мастер-кластар ұйымдастырылды, соңында қатысушыларға сертификаттар берілді. Education Fair барысында шетелдік пен қазақстандық университеттер арасында меморандумдарға қол қою рәсімі, шетелдік жоғары оқу орындары мен отандық білім беру агенттіктерінің В2В-кездесулері өтті.

Көрме қатысушылары арасында Singapore Institute of Management, FLS International (АҚШ), Alanya Education (Түркия), Stafford House International (Ұлыбритания), EF Education First Kazakhstan, «Study INN» білім орталығының тілдік курстарының ұтыс ойыны өткізілді.





Яндекс.Метрика