Мәдениетті жаңғырту

Дүниежүзі қазақтарының кеңсесі Астанаға көшірілуі керек – Президент

Бүгінде Дүниежүзі қазақтарының кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіретін уақыт келді. Бұл туралы ҚР Президентің Нұрсұлтан Назарбаев Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 14:15

«Бүгінде Дүниежүзі қазақтарының кеңсесін Алматыдан Астанаға көшіретін уақыт келді, сонда олар мемлекет басшылығының жанында болады», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бұдан басқа, Президент құруды тапсырған жаңа «Отандастар» қоры Дүниежүзі қазақтары кеңсесімен бірлесіп отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету шараларын анықтап, сәйкесінше кешенді бағдарлама жасақтауы  керек.

«Онда қазақтарды көшіру және шетелдегі қандамстарымызбен қарым-қатынас орнату бойынша барлық мәселелер қамтылуы керек. Бағдарламаның басымдықтары мен міндеттері қор арқылы жүзеге асырылады. Өз отанын сүйетін әр қазақ үшін Қазақстанның есігі айқара ашық. Көшу үшін ешқандай тосқауылдар жоқ. Егер тарихи отанға көшуге құлшыныс болса, онда біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Бірінші кезекте тұрғылықты жерден бастау керек. Азаматтардың құжатын рәсімдей отырып елшіліктегілер әр аймақ бойынша түсініктеме беруі тиіс. Бұл жұмысты ҚР СІМ жүктеймін. Құжатты рәсімдеумен ешқандай мәселе туындамауы керек», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Құрылтай барысында Президент шетелдегі танымал қазақтардың электронды базасын жасақтауды тапсырды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика