Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда танымал қазақтардың электрондық базасы құрылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында танымал қазақтардың электрондық базасын құруды тапсырды.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 14:07

«Өмір бойы өзге елде тұрса да этникалық  туған жерінің атын  білім мен өнер саласында  шығарып жүрген танымал тұлғаларды  тарихи Отаны білуі керек. Мен танымал қазақтардың үкіметтік электрондық базасын   құруды  ұсынамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, аталмыш жоба  тарихи Отанында тұрмайтын қазақтарға   жол ашады.

«Қоғамдық сананың  жаңаруы – барша қазақтардың жаңаруы. Бірлік – бар қазақтың тұтастығы. Бұл басты мәселе. Осының барлығы Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің нәтижесінде жүзеге асады», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қазақ диаспорасына  қолдау көрсету мақсатында «Отандастар» қорын құруды ұсынды.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика