Мәдениетті жаңғырту

З.Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында Зауытбек Тұрысбековты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 13:38

Сондай-ақ, Елбасы осыған дейін аталмыш лауазымда қызмет атқарған Талғат Мамашевқа  алғыс айтты.

Өз кезегінде, ДҚҚ төрағасы болып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды.

«Жанымда отырған Талғат Мамашев 2004 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Біраз жұмыс істелді. Сырттағы отандастарымызбен рухани-мәдени байланыстар нығая түсті. Мен енді осы орынға Зауытбек Тұрысбековты ұсынғым келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде менің тапсырмаммен талай жауапты қызметтер атқарды. Ысылған, тәжірибелі. Кезінде қазақтың Көші-қон демография агенттігін басқарды. Облыстарда  әкім , Ішкі істер министрі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігін де басқарды. Ең негізгісі қандастарымыз ең көп тұратын Ресей мен Өзбекстанда елші болды. Олардың жағдайын жақсы біледі», - деді Елбасы.

Оған қоса,  құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

«Үлкен сенім үшін көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, істің адамымын. Ертеңгі күні бәрін іспен дәлелдеймін», - деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары.

Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика