Мәдениетті жаңғырту

Қазақ әліпбиінің латыншаға көшірілуі бізді біріктіре түседі – Н. Назарбаев

ҚР Президенті халыққа Жолдауында латын әліпбиіне көшу мерзімін 2025 жылға дейін деп көрсетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 13:17

«КСРО кезінде өмір сүрген қазақтар кириллицада жазды, ал Қытайда тұрғандар төте жазуды пайдаланса, Батыста латын әліпбиі қолданылды. Тіліміз бір болғанымен, жазу үлгіміз үш түрлі болды және кім не туралы жазып жатқанын түсінбедік. Бұл әлемде тарыдай шашылған азғантай қазақтың қарым-қатынасын үзуі мүмкін еді, оның үстіне ол бізді ғылым мен техника жетістіктерінен алшақтатты. Біз осы олқылықтардың орнын толтыру үшін бәрін өз қолымызға алдық», - деді Н. Назарбаев.

Президент атап өткендей, қазақ әліпбиінің латыншаға көшірілуі қазақ халқын  біріктіре түседі.

«Мен өзімнің жолдауымда мерзімді 2025 жылға дейін деп көрсеттім, менің ойымша еш созбақтаудың себебі жоқ. Біздің ғалымдар  көршілеріміз Әзірбайжан мен Өзбекстанның және Түркияның тәжірибесін есепке ала отырып біздің әліпбиді өздері жасақтай алады. Олардың кемшіліктерін ескере отырып өзіміздің әліпбиді жасақтау керек. Бұл соншалықты қиын емес, себебі барлық балалар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін үйретуде. Бізге қиын болмайды», - деп баса айтты Ұлт көшбасшысы.

Осы ретте, Президент Қазақстанға келген қазақ бауырларына алғысын білдірді.  

«Бүгін құрылтайға әлемнің  39 елінен келген 350 делегат қатысуда. Кез келген қазаққа ол қай жерде жүрсе де Қазақстан олар үшін отаны болады. Сондықтан болар бізге өз тілі мен тарихи отанын білгісі келетін белсенді жастар келді. Біз өз кезегімізде оларға 15 жыл ішінде Астананың еліміздің символына айналғанын жеткізуіміз керек», - деді Елбасы.

Құрылтай ЭКСПО-2017 көрмесі барысында өткізілуде, дәл осы халықаралық көрме өзіміз туралы айтуға мүмкіндік береді, деп толықтырды Президент.

«Біздің аға, қарындастарымыз олардың тарихи отаны қаншалықты жедел дамып жатқанын білуі керек, бірінші кезекте біздің жас елордамыз туралы. Ал, тарихи отан Қазақстанның аумағында тұрмаса да онын атын әлемге мәшһүр еткен өзінің талантты қандастары туралы білуі шарт. Мен Үкіметке танымал қазақстар туралы электронды базаны жасақтауды тапсырамын.  Бұл елімізден тыс өмір сүретін қазақтар үшін үлкен мүмкіндіктердің бетін ашады. Қоғамдық сананы жаңғырту  - бұл барша қазақтың жаңғыруы», - деп түйді ел Президенті.

Бұған дейін Н. Назарбаев хабарлағандай, келесі айда Қазақстан халқының саны 18 млн жетеді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика