Мәдениетті жаңғырту

ҚР Президенті: Қазақстан халқының саны 1 шілдеде 18 млн-ға жетеді

Қазақстан халқының саны 1 шілдеде 18 млн-ға жетеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақтардың V Дүниежүзілік құрылтайында айтты.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 12:57

«Ашаршылық кезінде  көптеген қазақ өзге мемлекетке көшуге  мәжбүр болды.  Тәуелсіздік жылдары  біз шалғайдағы  қандастарымызды  қолдауды  ұмытпадық. Алғашқы күннен бастап,  бұл мәселені көтерген болатынмын. Бір миллионнан астам  қазақстандық тарихи отанына оралды.  Жыл сайын  350 мың отандасымыз, оның ішінде жастар жағы көше бастады», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, 1991 жылы Тәуелсіздік жылдары қазақтардың үлесі  40 пайызды құрады.

«Мен сайланған кезде,  қанша пайыз дауыс жинайтынымыз қорқытты. Қазір қазақтардың үлесі  70 пайызды құрап отыр.  Тәуелсіздік алған жылдары  17 млн-ға жуық қазақстандық болатын.  Алғашқы жылдары корей, грек және еврей халықтары көпұлтты мемлекет құру үшін жасанды  жолмен көшірілді. Әрине, олар  90-шы жылдардан кейін өздерінің  туған жерлеріне көшіп кетті.  Жыл сайын  Қазақстанда  400 мың  сәби дүниеге келеді. 1 шілдеде Қазақстан халқының  саны  18 млн-ға жетеді», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақтардың  V Дүниежүзілік  құрылтайы өтіп жатыр.

  Ақбота Күзекбай

 





Яндекс.Метрика