Парламент

Әуежайдың атауын өзгерту Президенттің жоғары беделін көрсетеді – депутат

Әуежайдың атауын өзгерту Президенттің жоғары беделін көрсетеді, деді Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 14:51

«Қазақстан – Назарбаев – Астана – бұл бүгінде мемлекетіміз бен мемлекеттігіміздің    үш нышаны, ол бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл сөздер  арқылы  біздің елді бірден таниды, құрмет тұтады, еліміздің мақтанышы десек те артық емес.  Меніңше, елдің әрбір азаматы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елге қосқан сүбелі үлесі мен ерен еңбегін түсінеді», - деді депутат.

Ол айтып өткендей, бұл орайда ерекше  орын Астананың құрылысына беріледі.

Бүгінде Астана  әлем астаналарының қарқынды дамып жатқандарының қатарында. Оның құрылысы ұлттық  нақыш пен заманауи сәулетті қамтыған.

«Астана әуежайына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру  шешімі уақытылы әрі дұрыс деп ойлаймын. Бұл Қазақстан халқы алдындағы Президенттің жоғары беделін білдіреді», - деді А.Бижанов. 





Яндекс.Метрика