Өңірлер

ШҚО-да облыстық мақсаттағы 600 км жол жөндеуден өтеді

Шығыс Қазақстан облысында жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес алдағы екіжылдықта жалпы құны 16,1 млрд теңгеге 600 кшақырымға жуық облыстық деңгейдегі жол жөндеуден өтпек.
Шығыс Қазақстан23 Маусым , 16:12

Әкімдіктен хабарлағандай, өңірдің автомобиль жолдары желісі еліміз бойныша ең ұзыны және ол шамамен  12 мың шақырымды құрайды.

Сонымен, аймақта жол жөндеу жұмыстарына16,1 млрд теңгені жұмсау жоспарланған. Бүгінде  жөндеу жұмыстары бірқатар елді мекендерге апаратын жолдарды қамтығанымен, туристік зоналар мен демалыс орындарына апаратын жолдар да басты назарға алынып отыр.

Сондай-ақ, ШҚО-да 3 414 км республикалық деңгейдегі жолдың жөнделуі жоспарланған. Биылғы жылдың өзінде бұған 13,3 млрд теңге бөлініп отыр.

Ал, «Омбы – Майқапшағай» тас жолының жалпы ұзындығы 125 км болатын 3 бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 36 км жол биылғы жылы қолданысқа берілмек.

Бұдан басқа,  Жидебайға (Абай ауданы), Алакөлге апаратын жолдар мен Бородулиха – Шемонаиха тас жолы жөнделеді.

2017 жылы өңірде 3,2 млрд теңгеге 185,38 км жол жөнделуде. Аталған жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін өз соңына жетпек.




Яндекс.Метрика