ҚР ҚК 25 жыл

Солтүстік Қазақстан полицейлері қоныс тойын тойлайды

Кәсіби мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан полицейлеріне қызметтік пәтер кілттері табысталды. Жалпы саны 50-ден астам тәртіп сақшысы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан23 Маусым , 15:57

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жатақхананың салтанатты ашылуына қатысты. Аймақ басшысы айтып өткендей, ішкі істер министрлігі аса көңіл бөлетін қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығы үлкен маңызға ие.

 «Қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау – полиция қызметкерлеріне жүктелген салмақты міндет. Жылдан жылға қылмыс мен құқық бұзушылықтар саны кеміп, оларды ашу көрсеткіші артып келеді. Бұның барлығы – сіздердің еңбектеріңіз. Сондықтан атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіремін! Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында сіздерге пәтер кілттерін табыс етеміз. Бұл қызметтік міндеттеріңізді бұрынғыдан да сапалы атқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Құмар Ақсақалов.

Жаңа жатаханада 40 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Бұдан өзге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы Береке ауданында салынған үйлерден 11 полиция қызметкері жаңа пәтер алды.

 




Яндекс.Метрика