Басқару

Қостанай облысында Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

Қостанай облысында аймақ бысшысы Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қостанай 21 Маусым, 20:03

«Биыл "Б" корпусының кешенді аттестаттауы өткізілді. Ақпаннан сәуір айына дейін 2 400 мемлекеттік қызметшіден астам аттестаттаудан өтті. Барлығы біліктілігін растап, жоғары кәсіби деңгейлері мен әрі қарай өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктері бар екендігін көрсетті», – деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Әкімдіктен хабарлағандай, салтанатты жиналыста еңбек өтілі 15 жылдан кем емес және мемлекеттік қызметтің дамуына зор үлесін қосқан мемлекеттік қызметшілер  облыс басшысының қолынан "Үздік мемлекеттік қызметші" төс белгісін алды.





Яндекс.Метрика