Халықаралық интеграция

Біз қуатты жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек – Д.Назарбаева

Біз тарихи реніштер мен өткеннің қайғылы оқиғалары дамуға әсер етпейтін қуатты жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек, деді Еуразиялық медиа форум ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Астанадағы XIV Еуразиялық медиа форум аясында.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 11:18

«14 Еуразиялық медиа форумды   қатысушылардың барлығы ұйымдастырды.  ЕАМФ-ға  мемлекеттік деңгейде  ірі банктер мен корпорациялар қолдау көрсетті. Форумның Ұйымдастыру  комитеті  талқылауға ең маңызды шараларды шығарды. Өкінішке қарай, олардың саны сиремей тұр: Қазір  белгісіздік және қорқыныш дәуірі болып отыр. Шынымен солай ма?  Жақында ғана жаһандану  шарықтау шегі болып таңдалды.  Қазір ол қорқыныш ұялатып, радикализм мен ұлтшылдықтың көрінісін байлап отыр. Бұл дауда кім жеңіске жетеді? Терорристік  соғыс, Таяу Шығыстағы  азаматтық соғыс, босқындардың қашуы  ЕО елдері  үшін  күрделі кезең болды», - деді Д.Назарбаева.

ЕАФМ Ұйымдастыру комитетінің  төрағасы Зигмунд Бауманның сөзін еске салды.

«Ол адамның екі басты құндылығы бар деп айтқан болатын. Ол қауіпсіздік пен бостандық. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.  Бостандықсыз қауіпсіздік – бұл хаос, ал    қауіпсіздіксіз  бостандық – бұл құлдық.  Жеке бостандық пен оның  таңдаулы қауіпсіздігі – күрделі талас. Қазіргі заманғы ұрпақ нені таңдайды?, - деді Д.Назарбаева.

Ол айтып өткендей, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму қарқыны бізге құндылықтар мен қалыптасқан көзқарастарға басқаша қарауды үйретті. Ол қазіргі заманғы адамның ойлау жүйесін қалыптастырады.

« Цифрлық революция» мен  жаппай ақпарттандыру неге әкеледі? Адамның өмірі қалай өзгереді? Біз жаңа гармониялы әлемді ұрыс-керіс, соғыс, пессимизм мен негативтік ойлармен құра алмаймыз. Біз  тарихи реніштер мен  өткеннің қайғылы  оқиғалары әсер етпейтін  қуатты  жас ұрпақты тәрбиелеуіміз керек», - деді сенатор.

Сондай-ақ, ол  форумның қызу тақырыптарының бірі ақпараттық соғыстың ортасында жүретін БАҚ тақырыбын атап өтті.

«Журналистік этика мәселесі көтерілуде. Бүгінде ақпарат  тарату саласын таңдаған адамдардан Гиппократ антын қабылдау сынды: зиян келтірме деген ұстаным қолдану керек сияқты. Пікірталас барысында біз бір-бірімізге сұрақтарға жауап алуға жәрдемдесеміз деп ойлаймын», - деді Д.Назарбаева.

 Айта кетейік, Астанада  XIV Еуразиялық медиа форум өтуде.

Қайрат Жандыбаев

 





Яндекс.Метрика