Халықаралық интеграция

БАҚ халықтар мен елдердің бірігуінде көшбасшы болуы керек – Н.Назарбаев (ФОТО)

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Астанада өтіп жатқан XIV Еуразиялық медиа форумда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді, онда Елбасы БАҚ ақпараттандыру процесінде көшбасшы болып, халықтар мен елдерді біріктіру үшін барынша күш салуы тиіс екенін атап өткен.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 10:57

«Еуразиялық медиа форум өз қызметінің 15 жылы ішінде журналистер қоғамының өзекті мәселелерін ғана емес, сонымен қатар жаһандық проблемаларды да құрылымдық талқылау орнына айнала отырып, жақсы беделге ие болды. Әлем өзгерістерге ұшырап жатқан қазіргі жағдайларда мұндай сұхбат алаңдарының қажеттігі артып келеді. Бүгінде біздің еліміз өз алдына саяси жүйені, экономиканы, қоғамдық қатынастарды қоса алғанда, өз дамуының негізгі бағыттарын жаңғырту мақсаттарын қойып отыр», - деп оқып берді Г. Әбдіқалықова.

ҚР Президенті үздік жетістікке ашық болу табыс кепілі екенін атап өткен.

«Бұл әлемдік тұрғыдан да аса маңызды екеніне сенімдімін, өзгелердің көзқарасын құрметтейтін ашық сұхбат қана жаһандық сенімді қалпына келтіру бағдары болып табылады. БАҚ осы процестің көшбасшысына айналуы тиіс және жаңа кедергілер жасамай, халықтар мен елдерді біріктіруге барынша күш салуы тиіс. Әлем жаңа ақпараттық орта қалыптастыру дәуіріне аяқ басты. Және біз қолымыздан келгеннің барлығын жасауымыз керек. Бұдан бөлек, тұрақты дамудың айқындаушы факторы алдағы әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге дайындық болып табылады. Осыған байланысты, медиа форумның күн тәртібіне негізгі бағыт ретінде «жасыл экономика» мәселелерінің енгізілуі аса маңызды. Бұл Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбына сәйкес келеді. Қатысушылар мен қонақтар болашақтың энергиясы саласындағы соңғы жетістіктермен және жаңалықтармен таныса алатынына сенімдімін.  Баршаңызға табысты жұмыс, жаңа шығармашылық идеялар тілеймін», - деп оқып берді Г. Әбдіқалықова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін.

Еске сала кетейік, Астанада XIV Еуразиялық медиа форум өтуде.

Қайрат Жандыбаев

Фото Абзал Қалиев





Яндекс.Метрика