Экономика

ШҚО-дағы Қызыл алтын кен орнында зерттеу жүргізілуде

ЕҚДБ Қазақстанның энергетика және кен өндіру салаларын $140 млн. несие беру арқылы инклюзивті экономикалық қолдау жөніндегі жұмысын кеңейтуде, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 12:27

Бұл қаржыға «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС Қызыл алтын кен орынына зерттеу жүргізіледі. Бұл жоба Шығыс Қазақстан облысында жүздеген жұмыс орынын құруға және аталмыш секторға жоғары халықаралық стандарт енгізуге мүмкіндік береді.

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС қымбат металл өндірумен айналысатын «PolymetalInternational PLC» компаниясының 100% еншілес кәсіпорыны болып табылады. «Polymetal»  компаниясының осы типтес жобаларды іске асырудағы мол және мойындалған тәжірибесін ескере отырып, Қызыл алтын кен орны жобасы қазақстанның кен өндіру секторына жаңа технологиялар мен машықтар енгізуді қамтамасыз етеді.Аталған жобаны жүзеге асыру жоспарына сәйкес, жаңа жұмыс орындарына көбіне жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары орналасады. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін 400 жаңа жұмыс орнын қосқанда оған шамамен 1000 адам тартылады.

Астанада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы пленарлық сессиясы алаңында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартии мен «Полиметалл УК» АҚ Президенті Игорь Финогенов жобаға қол қойды.

«Біз Қазақстанның алыстағы аймақтарын экономикалық дамытуды қолдаймыз. Қызыл жобасы Шығыс Қазақстан облысына инновациялар, жаңа технологиялар әкеледі және жаңа жұмыс орындарын ашады. Біз «Полиметалл» компаниясымен бірге осы елдегі жастар мен әйелдердің мүмкіндіктерін жақсарту жұмысын бастауды асыға күтеміз»,-деп атап өтті ЕҚДБ Президенті. «Бұл келісім Полиметаллдың ЕДЖБ-ның Қызылды дамыту мен одан әрі дамыту үшін қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік саладағы озық тәжірибесін енгізу арқылы тұрақты дамуға ұмтылысын көрсетеді»,-  деп мәлімдеді  «Полиметалл» Тобының Бас атқарушы директоры Виталий Несис.

Қызыл- әлемдік санаттағы үлкен кеніш. Мойындалған халықаралық бағалау бойынша 7,7 грамм тонна алтын құрамы 7,3 млн.  унций алтын қоры бар және пайдалану мерзімі 22 жыл. Кәсіпорын толық жобалық қуатымен жұмыс істегенде жылына 300 мың унций алтын өндіреді деп күтілуде.Сондай-ақ, алғашқы 10 жыл бойы алтын өндіру ашық әдіспен жүргізіледі.

 




Яндекс.Метрика