Білім мен кәсіби машық

Қазақстанның 174 колледжіне дуалды оқыту элементі енгізіледі

Елімізде 45,8 мың шәкірт оқитын 174 колледжге дуалды оқыту элементі енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан26 Желтоксан , 18:20

«Техникалық және кәсіби білім беру мен кәсіпкерліктерде дуалды оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдарын енгізу компаниялар мен оқу орындарының арасында түзілген 22 мың келісім аясында іске асырылады. Кәсіпкерліктер тәжірибеден өткізу үшін арнайы 170,3 мың жұмыс орнын дайындайды. Ал 5,1 мың орын жұмыс берушілердің есебінен оқыту мен стипендияға бөлінген», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, дуалды оқыту жүйесі бойынша елімізде Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары көш басында. Ал осы жүйенің әріптестерінің бірегейі ретінде «Қазақмыс» АҚ, «Дон тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ мен «Кентау трансформатор зауыты» АҚ атауға болады.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 8 компаниясы 30 колледжбен бірігіп дуалды оқыту жүйесін қолға алуда. «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ темір жол саласы бойынша 17 оқу ордасымен келісімге келіп отыр. Колледждердің 137 студенті биыл «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Транспорттағы технология орталығы базасында тәжірибеден өтті және жұмысқа орналасатын болады.




Яндекс.Метрика