Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ляньюньган терминалы- Құрғақ порт көлік желісінің жүк ағыны арттырылады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ляньюньган (ҚХР) қаласы Халық үкіметінің Сян Сюэлун басқарған делегациясы мүшелерімен кездесті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 11:57

Кездесуде Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалымен серіктестікті дамыту жайы талқыланды.

Жақында ҚР мен ҚХР жетекшілері Ляньюньган портынан Қазақстан аумағы арқылы Орта Азияға, Түркияға алғашқы контейнерлік пойызды жіберді. Алтынкөл –Қорғас шекаралық өткелі арқылы Орталық Азиядан Чендуға контейнерлік пойыз жөнелтілді.

«Ляньюньган портында логистикалық және сауда платформасын жасақтау Қазақстан, Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропаға бағытталған жүк ағынын дамытуға ықпал етеді»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев. Ол Ляньюньган порты терминалы мен Құрғақ порт арқылы бірлесіп жүк ағынын ұлғайту бойынша ұсыныстарын жеткізді. 

Ляньюньган портының әлеуетін пайдалана отырып, теңіз жолдарымен тасымалданатын жүктерді құрлыққа бағыттап, автокөлік, теміржол инфрақұрылымдарын пайдалану қарастырылды.

Тараптар «Құрғақ порт» жобасы аясындағы серіктестікті дамыта отырып, оған Ляньюньган портын қатыстырып, COSCO Shipping CO Ltd компаниясы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуетін пайдалану көзделеді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында инвестицияға қолайлы жағдай жасалған. Оның ішінде салықтық жеңілдіктер, дайын инфрақұрылым және жобаны қолдаудың қызмет түрлері ұсынылады.

Цзянсу провинциясы Халық үкіметінің вице-губернаторы Чэн Чженнинмен кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Цзянсу провинциясының Халық үкіметі арасындағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Индустриальдық аймағы мен Логистикалық дамытуының нобайлы шартын жүзеге асыру жайы қаралды.  Бұл құжатқа 2015 жылы тамызда екі елдің Мемлекет басшылары ресми кездесуінде қол қойған болатын.




Яндекс.Метрика