Энергетика

ОҚО-да 2021 жылға дейін 383 жергілікті елді мекенді газдандыру жоспарланған

Оңтүстікте биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтілуде. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан23 Маусым , 09:57

Жалпы, облыста 844  елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға  қол жеткізіп отыр.

Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді.  Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383  елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр. 

2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың  тұрғынға жеткізу межеленуде.  

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы облысымызда  Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асқан «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан  7 автоматтандырылған газ реттеуші станцияларының құрылыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда 4-і жүзеге асырылды, қалған  3-ін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика