Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада Дүниежүзі қазақстарының V құрылтайы өтіп жатыр

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтіп жатыр. Шараға 750 делегат, оның ішінде 39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 09:36

Құрылтай бағдарламасының негізі -  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласындағы   тұжырымдамалық идеялар.

Қазақстардың   Дүниежүзілік  құрылтайы  елдің   қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып табылады. Ол  1992-2017 жылдары өткен  5 Құрылтайдың  сабақтастығы  мен ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі мен   саяси этникалық  репатриацияның  нәтижесін көрсетеді. Шараға  750 делегат,  оның  ішінде  39 таяу және алыс шетелден 350 адам қатысып жатыр.

Өз кезегінде, Құрылтайдың делегациясы мен  қонақтарының  80 пайызы шараға алғаш рет қатысып отыр.  Тұңғыш рет   Құрылтайдың қонақтары әр түрлі елден жиналды: Жапония, Корея, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзербайжан, Молдова.  Құрылтайдың  60 пайыз қатысушысын  35 жасқа дейінгі жастар құрап  отыр.

1992 жылдан бастау алған  Құрылтай  әлемнің әр түкпірінде өмір сүріп жатқан  этникалық қазақтардың  пікірталас алаңына айналды. Құрылтай жаңаша түрде  ұлттық тарих пен мәдениетке, қазақ халқының дәстүрініе жаңаша көзқарас туғызып, байытады.

Айта кетейік,   Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайы    жұмысын кеше, яғни 22 маусым бастады.  Бірінші күні қалаға келген қонақтар  көрнекті орындармен  танысып, «Қазақ елі» монументіне гүл шоқтарын  қойды. Сондай-ақ,  Этноауылды  барып,   «Қыз жібек»  операсын тамашалады. Құрылтайдың жұмысы  25 маусымға дейін жалғасады.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика