Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

1 қаңтардан бастап Қарағанды облысының ТЖД келіп түскен барлық хат «Айқын» жүйесіне тіркеледі

ҚР Бас прокуратурасының арнайы есебі мен құқықтық статистикасының комитеті мен мемлекеттік органдар тарапынан хаттарды қарау процедурасының жариялылығын қарастыратын «Айқын» жобасы дайындалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды26 Желтоксан , 18:09

Естеріңізге сала кетейік, «Айқын» жобасы хаттарды қарау процесінің жариялылығын қамтамасыз етеді, азаматтарға өтініштерді қарау барысын бақылауға мүмкіндік береді және қарастыру мерзімінің сақталмын анықтауға жағдай жасайды.

«ТЖД-не келіп түскен әр хатқа 18 цифрлі саннан тұратын түбіртек беріледі. Өтініш иесі service.pravstat.kz сайты арқылы өзінің өтінішінің құқықтық статистика комитеті сайытна тіркелген тіркелмегенін анықтай алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 1414 немесе  8 800-080-777 номерлері арқылы call-орталықтардан өтініштің тіркелген-тіркелмегенін біле алады.

«Өтінішті қабылдауда немесе қарастыруда тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда өтініш иесі 115 номері арқылы ҚР Бас прокураторына шағымдана алады», - деп түйінделген хабарламада.




Яндекс.Метрика