Адами капитал

Финляндиядан келген Санта Клаус Астанадағы SOS балалар ауылында болды (ЭКСКЛЮЗИВТІК ВИДЕО)

Лапландиядан келген шынайы Санта Клаус, ал фин тілінде Йоулоупукки, ЭКСПО-2017-дегі Финляндия павильонының делегациясымен бірлесіп Strategy2050.kz АА шақыртуымен Астанадағы SOS балалар ауылына барды.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 17:52

Фин делегациясы ЭКСПО-2017 Фин павильонының маркетинг және коммуникациялар жөніндегі директоры   Пиркко Аутио  мен Санта Клаустың  төрағалығымен  Астанадағы балалар  үйіне бару ұсынысын бірден қабылдады.

SOS  балалар үйі  - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды ерекше тәрбиелейтін мекеме. Бұл жерде балалар отбасы мен жарқын болашаққа деген үмітке ие болады.

Фин делегациясы үшін SOS-ауылы  бойынша экскурссия жүргізілді. Танысудан кейін алаңда Санта Клаусқа қызығушылық танытқан ауылдың барлық балалары жиналды. Балалардың қуанышында  шек болмады, олар Сантаға жақындап, сақалынан тартып, таңданыстарын жасыра аламады. Йоулоупукки балалардың сұрағына жауап беріп, өзінің оқиғасын айтып берді.

Кейіннен балалар Сантадан сыйлық алды.

Жалпы, Санатаның аптап ыстықта   келуі құрметтеуге тұрарлық, балалар да дән риза. Балаларды қуантуға әркез тырысуымыз керек, себебі олар өмірдің гүлі, болашақтың үміті.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика