EXPO-2017

ЭКСПО-да күнделікті қанша адам медициналық көмекті қажет ететіні туралы мониторинг жасайды - министр

Нұр-Сұлтан22 Маусым , 17:26

«ЭКСПО бойынша Астана қаласында барлық дәрігерлер жұмылдырылған. Екі деңгейде  жұмыс істей отырып ЭКСПО аймағында Медикер компаниясы жұмыс істейді, бұл мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «Астана ЭКСПО» АҚ жасаған келісім.  Олар барлық қызмет көрсетуді өз мойындарына алды.  Онда бес пункт пен бір медициналық орталық құрылды. Сонымен қатар, 8 жедел көмек көрсету бригадасы да Медикер компаниясынан», - деді министр.

Ол атап өткендей, ЭКСПО аймағынан тыс  аудан бойынша барлық азаматтартар қамтылуы үшін қонақүйлерге бекітілген емханалар жұмыс істейді.   

«Қажет болған жағдайда шетелден келген қонақ жақын емхананың көмегіне жүгіне алады. Біз күнделікті қанша адам медициналық көмекті қажет ететініне мониторинг жасаймыз. Жағдай бақылауда», - деп толықтырды Е. Біртанов.

Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша санитарлық эпидимиологичлық қызметтің жұмысы күшейтілді.

«Қалаға кіре берісте барлық азық-түліктерге тексеріс жүргізіледі. Тіпті, азық-түлікті кіргізуге рұқсат бермеген жағдайларда болды. Жалпы штаттық режимде жұмыс жүруде», - деп түйді ведомство басшысы.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР денсаулық сақтау министрі Біртан Елжановтың халықпен есепті кездесуі өтуде.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика