Парламент

Финляндия Парламентінің вице-спикері ЭКСПО-ға баға берді

Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияның Парламент төрағасының орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 19:54

Фин парламентшісі Астанада «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбымен өтіп жатқан Халықаралық  парламенттік конференцияға қатысуда.  

Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігін оған мемлекет басшыларының достық қатынастары игі ықпал ететінін тілге тиек етті. Қазақстан-фин серіктестіктерінің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Ниинистенің іс сапарының нәтижесіне де байланысты.

Н. Нығматулин мен   М.Пеккаринен парламентаралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады.

Фин парламентшісі Астанадағы ЭКСПО жайында – оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрмеден Қазақстанның әлем алдында абыройы көтеріле түсетініне сенім білдірді.  Сонымен қатар М.Пеккаринен «жасыл технологияны» дамыту – дүниежүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.

 





Яндекс.Метрика