Үкімет

Бақытжан Сағынтаев «Жаңғырту 3.0» аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселесін талқылады

Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Жинақ банкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 19:13

Кездесулер барысында қаржы, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, «Жаңғырту 3.0» іске асыру аясында экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңарту жобаларын қаржыландыру саласындағы алдағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанға арналған ЕҚҚДБ қызметінің жаңа Стратегиясы, Қазақстанға арналған АДБ серіктестігінің 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Елдік стратегиясы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы жобаларына ерекше көңіл бөлінді. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика