Ұлттың денсаулығы

Халықтың егуден бас тартуы жыл сайын өсіп келеді – Е. Біртанов

Халықтың егуден бас тартуы жыл сайын өсіп келеді, мысалы, соңғы 5 жыл ішінде бас тарту саны 3 еседен астам өскен. Бас тартудың негізгі себептері адамдардың жеке көзқарастары, деп мәлім етті денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есепті кездесуі барысында.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 16:45

«Өкінішке орай, халықтың егуден бас тартуы жыл сайын өсіп келеді, мысалы, соңғы 5 жыл ішінде бас тарту саны 3 мыңнан 9,7 мыңға дейін 3 еседен астам өскен. Бас тартудың негізгі себептері адамдардың жеке (олардың үлесі 45%-ды (4360) құрайды) және діни (43% (4151) көзқарастары болып табылады, вакцинациядан бас тартқан халықтың 6 %-ы (600) БАҚ арқылы (интернет-ресурстар, баспасөз қызметі, ТА) теріс ақпаратты атаса, тағы 6 %-ы (589) вакцина сапасына сенімсіздік білдіреді», - деп нақтылады министр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халыққа 21 инфекцияға қарсы вакцинация егу жүргізілуде. Жыл сайын вакцинацияға 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Алайда, Е. Біртанов түсіндіріп өткендей, қазір вакцинациядан бас тарту мәселесі көтеріліп жатыр, бірақ жалпы халықтың негізгі бөлігі аурулардың алдын алу мәселесіне түсіністікпен қарап, вакцинацияны қолдайды. Сонымен қатар, бас тартудың өсу қарқыны да орын алып отыр.

«Біз осы проблема бойынша алаңдаушылық білдіріп отырмыз және вакцинация туралы, әсіресе қыздарға қатысты шешім қабылдаған кезде олар дайын антиденелерді өз балаларына бере отырып, осылайша оларды инфекциялардан қорғайтын болашақ аналар екенін ұмытпаған жөн. Мысалы, дифтерияға қарсы ана антиденелері нәресте өмірінің алғашқы 2-3 айында, қызылшаға қарсы 8 айға дейін қорғайды, сондықтан егуді жүргізу мерзімі осыған байланысты болады. В гепатиті мен туберкулезге қарсы перзентханада егіледі», - деді министр.

Жалпы, 2016 жылы республикада вакцинациямен қамту деңгейі 95%-ды құраған, бұл ДДҰ ұсынған деңгейге сәйкес келеді. 

«Халықпен вакцинацияның пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігі 2016 жылдан бастап Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша халықты әлеуметтік жұмылдыру жоспарын іске асыруда, Қазақстан Республикасында профилактикалық егуден бас тартулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын, министр Елжан Біртанов өткен жылы 11,1 млн скрининг-тексеру жүргізілгені туралы да айтып өткен болатын.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика