Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда 2016 жылы 11,1 млн скрининг жасалды – Денсаулық министрлігі (ФОТО)

2016 жылы республикада мақсатты топтарға 11,1 млн скрининг-зерттеу жүргізіліп, 250 мыңға жуық дерт жағдайы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есептік кездесуінде айтты.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 16:21

Министр айтып өткендей, дертті   алдын ала  анықтау мақсатында  2008 жылдан бастап  Ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылуда.

«Мақсатты топтар арасында  скринингтің 11 түрі жүргізілді, оның ішінде онкологиялық аурулар,  қант диабетіне қарсы, артерия гипертензия мен өзге дерт түрлері бар. 2016 жылы республикада  6,5 млн адам қамтылды, ол жоспардың  100 пайыздық көрсеткішін  құрайды. 11,1 млн скрининг-зерттеу  өткізіліп,  250 мың  ауруға  шалдығу  жағдайы  анықталды. Науқастар диспансерлік тіркеуге  тұрып, сауықтыруға бағытталды», - деді ведомство басшысы.

Біртанов айтып өткендей, скринингтер дертті ерте табуға бағытталғанына қарамастан, халықтың қызығушылығы төмен екені байқалып отыр.

«Аталмыш өңірлерде скрининг 100 пайызға жүргізілді деген көрсеткіш күмән туғызады. Сондықтан да  тиімді шараны қамтамасыз етудің басты талабы  қоғам тарапынан бақылау жүргізу болып табылады», - деді министр.

Айта кетейік, есептік кездесу барысында  Елжан Біртанов  Қоғамдық денсаулық сақтау  қызметінің жұмысы туралы айтып өтті.

Ақбота Күзекбай

 





Яндекс.Метрика