"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі немен айналысады

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру жұмыстары басталып кетті. Бұл қызметтің жұмысы неге бағытталатыны туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықпен есепті кездесуінде айтып берді.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 16:06

Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында министрлік алдын алу бойныша кешенді шараларды жүзеге асырады. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру жұмыстары басталып кетті. Қызметтің мақсаты ауруды алдын алу бойынша тиімді тәсілдерді құру және оларды қолжетімді ету.

«Қызметтің жұмысы өмір сүрудің барлық кезеңдеріне бағытталады –сәбиге екпе егуден, мектеп медицинасы, қауіпсіз өткізу мәселелері, жұмыс істейтін халық пен жастар арасында еңбек гигиенасы,  тамақтануды оңтайландыру және созылмалы ауруларды алдын ала емдеу. Бұл шаралардың барлығы Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындауға бағытталған», - деп атап өтті Е. Біртанов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, бүгінде санитарлық эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша барлық шаралар қолға алынды.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша алдын алу шараларының нәтижесінде тырысқақ, оба, дифтерия, полиомиелит және өзгеде қауіпті аурулар тіркелген жоқ.  Жалпы, 22 ауру түрі бойынша сырқаттану көрсеткіші төмендеді», - деді ведомство басшысы.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика