Үкімет

ШҚО-да АЭС үшін отын өндіру зауыты салынбақ

ҚР Үкіметі Өскемен қаласында "Жылу бөлу құрамаларын (ЖБҚ) өндіру объектісі" ядролық қондырғысының құрылысы туралы қаулы қабылдады.
Шығыс Қазақстан22 Маусым , 17:12

Ustinka.kz хабарлағандай, жоба ядролық отын өндірісі бойынша озық технологияларды пайдалана отырып, жоғары технологиялық өндіріс құруды, шетелдік инвестициялар тартуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, сондай-ақ Өскемен қаласының құрылыс және өнеркәсіптік кәсіпорындарын тартуды болжайды. 

Осылайша, "Ұлба металлургиялық зауыты" АҚ-ны уран өнімі тапсырыстарымен қамтамасыз ету "Ұлба-ТВС" ЖШС мен "Ұлба металлургиялық зауыты" АҚ арасында 2019-2038 жылдар аралығында отын таблеткаларын жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау арқылы жүзеге асырылатын болады 

"Ұлба металлургиялық зауыты" АҚ-ның тапсырыстарды орындау бойынша жұмыстарының көлеміне төмен байытылған уран гексафторидті (УГФ) уран диоксидіне дейін реконверсиялау, отын таблеткаларын дайындау мен бақылау кіреді. УГФ қазақстандық кен орындарының табиғи уранынан дайындалады. 

Қондырғының құрылысы 129 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қызметкерлерді оқыту 2 кезеңмен өтеді (Францияда және Қазақстанда). Ол 2018 жылы басталады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына ШҚО мен басқа да өңірлердің құрылыс ұйымдарын тарту жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика