АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Талас ауданыңда ІҚМ саны артты

Жамбыл облысының Талас ауданында ірі қара малдың басы артып, 26 331 басты құрады. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талас ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Рахимжанов хабарлады.
Жамбыл22 Маусым , 18:36

Қайрат Аманжолұлының сөзіне сенсек, ауыл шаруашылығы өнімі 2769,5 млн.теңгеге өндіріліп, 100,9%-ға орындалды. Немесе 24,8 млн.теңгеге артты. Аудан халқының жан басына шаққандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 51,2 мың теңгені құрады.

Мал шаруашылығы бойынша:Мал мен құс еттері: 4073,8 тонна (100,1%-ға), сүт 2164,9 тонна (102,1%-ға), жұмыртқа 1388,0 мың дана (100,2%-ға) өндірілді.

«Мал басы: ірі қара малы 26331 бас 6,2%-ға өсті, қой-ешкі 441972 бас 0,2% - ға өсті, жылқы 9977 бас 4,4%-ға өсті, түйе 2150 бас 7,7%-ға өсті, шошқа 375 бас 0,3%-ға өсті, үй құстары 42242 басты құрап, өткен жылдың (100712 бас) есепті кезеңімен салыстырғанда 58470  басқа төмендеп отыр», - деді ол.

Ағымдағы 2017 жылдың өткен мерзімінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы 8 шаруа қожалығының 8 жоба мақұлданып – 48,01 млн. тенге несие алды.

Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 жоба құны 26,4 млн. теңгеге 155 сиыр, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 3 жоба құны 19,515 млн.теңгеге 789 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 2 жоба құны 2,1 млн.теңгеге 6 бас жылқы сатып алып облыстың берген тапсырмасы «Сыбаға» бағдарламасы 105,6 %, «Алтын асық» бағдарламасы 42,7 %, «Құлан» бағдарламасы 16 %-ға  орындалып отыр.

 

 

 




Яндекс.Метрика