Адами капитал

Қостанай облысының полиция қызметкерлері пәтерге ие болды

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Қостанай облысының полиция қызметкерлеріне автокөлік пен пәтер кілттері табысталды.
Қостанай22 Маусым , 20:47

Жергілікті БАҚ  alau.kz хабарлағандай,  аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының  ІІД бастығы, полицияның генерал-майоры Бекет Аймағамбетовпен бірге  полиция қызметкерлеріне  6 жаңа пәтер мен 30 автокөлік кілтін табыстады.

«Көптеген полиция бүгінде пәтер жалдап тұрады, өзгелері  ата-анасының үйінде өз отбасымен тұрып жатады. Бүгінде  облыста пәтерге  800 қызметкер мұқтаж болып отыр.  Жедел полиция қызметкерлері мен тергеуші  бөлімінің қызметкерлері пәтер жалдауға жәрдемақы алады», - деді ведомство басшысы.




Яндекс.Метрика