Халықаралық интеграция

«Қазақстан темір жолы» GE сандық технологиясына көшеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен GE Transportation арасында сандық технология саласында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 14:59

Маңызды құжатқа ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Moving Forward,  Fueling the Future» конференциясы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев пен GE Transportation президенті, бас атқарушы директоры Джейми Миллер қол қойды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  хабарлағандай,  меморандум Компаниядағы жанар-жағармайды үнемдеу, қуатты таратуды оңтайландыру, техниканы пайдаланудың тиімділігі мен  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне GE сандық технологиясын қолдануға мүмкіндік әпереді.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен GE Transportation 20 жылдан бері теміржол саласында бірлесіп табысты қызмет атқарып келеді. Бұл бірлескен жоба ҚТЖ трансформациялау барысында сандық технологияға көшуді ұсынады.

Меморандум аясында өндірістік активтер мен  мүкәммәл мүлікті тиімді басқару үшін  жеткізілім тізбегіне GE жүйесімен бақылау орнату көзделеді.  Оның сыртында, нақты бақылаудың Precision Dispatch System жүйесі, көлікті басқарудың Rail Connect TMS жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

 




Яндекс.Метрика