Басқару

Мемлекеттік хатшы: Денсаулықты қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы

Еуразиялық геронтологтардың II съезі Астанада өз жұмысын бастады. Шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 13:16

Еуразиялық геронтологтардың  II съезі  еуразиялық кеңістікке енетін геронтологиялық қоғам арасындағы  тәжірибені жариялауға  бағытталған.

«Денсаулықты қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылығы  және денсаулық сақтаудың  әлемдік моделінің стратегиялық міндеті, ал денсаулық – табысталмайтын  өмірлік басты құндылық. Бүгінде ҚР-да  «Денсаулық»  денсаулық сақтауды дамыту  мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда», - деді Мемхатшы.

Айтылғандай, БҰҰ-ның болжамы бойынша   2025 жылға қарай әлем бойынша егде жастағы адамдар саны 1 млрд  100 млн-ға   жетеді.

 «БҰҰ болжамы бойынша 2025 жылға қарай әлемде қарт адамдар саны 1 миллиард 100 миллионға жететінін атап өтті. Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 7%-ға жуық мөлшерден 12%-ға дейін көбейген. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жастан асты», - деді ол.

Съезге қатысушылар геронтология және гериатрия  саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика