Халықаралық интеграция

АХҚО қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда

АХҚО қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда. АХҚО сотын іске қосу 2018 жылдың қаңтарына жоспарланған. Бұл туралы Астанадағы Халықаралық инвесторлар кеңесінің отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 12:46

«АХҚО  қызметінің құқықтық негізін қалыптастыруды аяқтауда. Биылғы жылдың наурыз айында Конституцияға  АХҚО  құқықтық режимін негіздейтін өзгертулер енгізілді. Халықаралық сарапшылармен бірлесіп  қаржылық қызмет пен ағылшын құқығы саласында  Тәуелсіз сот пен Халықаралық төрелік  орталықтың   нормативтік  құжаттарын дайындау аяқталуға жақын. АХҚО соты  ҚР сот жүйесіне тәуелсіз түрде жұмыс істейді. Ол 2018 жылдың  қаңтарында іске қосылады деп жоспарлануда», - деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, Халықаралық төрелік  орталығы  төрелік келісімдер  аясында  даулы мәселелерді шешудің институтына айналады.

«Төрелік келісім тараптары  сот шығындарын қысқартып,  елде және шетелде төрелік келісімдердің шешілуін жүзеге асыра алады. Төрелік сот  алға тартқан   төрелік шешімдердің қабылдануы мен орындалуы  АХҚО алаңында  ҚР заңнамасына сай жүзеге асырылады», - деді ол.

Айта кетейік,   Президент бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында «Астана» 2017 жылы халықаралық қаржы орталығына айналуы тиіс деген еді. Ұлт жоспарының "индустрияландыру жəне экономикалық өсім" бөлігінде Мемлекет басшысы ASTANA EXPO - 2017 инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, Астана халықаралық қаржы орталығын құру мәселесін қамтыған. Және оны ТМД елдері, Еуропа және Орталық Азия үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру керектігін айтты. 

Қаржы орталығының даму стратегиясын капитал нарықтарына қызмет көрсету және исламдық қаржыландыру мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде "private banking" активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режимін енгізу. Оффшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.

Айта кетейік,  Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-шы отырысы өтті. Кеңес отырысының жұмысына 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қатысушы, оның ішінде шетел тарапынан Кеңестің 30 мүшесі мен 2 бақылаушы (халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компания басшылары), сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары келді.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика