Басқару

«NEVASKO» Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асырады

Нидерланды Қазақстанға ғарыш мониторингін жүргізу үшін «NEVASKO» компаниялар тобымен бірлесіп Жерді қашықтықтан зонттау қазақстандық серігінен жоғары және орташа ажыратылымдағы суреттерін пайдалану мақсатында серіктестік ұсынды.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 12:31

Нидерланды делегациясына ресми сапары аясында Астанадағы «KazSat» ғарыш байланыс жүйесінің жұмысы және   «КazEOSat» Жерді қашықтықтан зонттау мен дәлділігі жоғары спутниктік навигация жүйесі көрсетілді. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар Ғарыш апппаратын құрастыру мен сынау кешенінің  (ҒА ҚСК) құрылыс барысымен танысты. Онда түрлі салмақтағы  100 кг-нан 6 тоннаға дейін жер серіктерін және қосалқы бөлшектерін өндіру жоспарланған.

Толықтырып кететін болсақ, «NEVASKO» компаниялар тобы Қазақстанда бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, атап айтар болсақ,  SmartAlmaty жобасын, Алматы қаласы ауасының сапасына ғарыштық мониторниг жүргізуді, жер телімдерін мақсатсыз игеру, жасыл желек  пен қала маңындағы топырақтың шөгуін бақылауды қарастырады.

Атап өтер болсақ, «NEVASCO» - бұл голландиялық компаниялар тобы, ол түрлі коммерциялық секторда геоақпараттық қызметті көрсетумен айналысады.

Кездесу соңында тараптар байланысты одан ары нығайту жұмыстарын жалғастыру туралы келісті.

ҚР Қорғаныс және әуеғарыш өндірісі министрлігінен хабарлағандай, бұл Нидерланды делегациясының ғарыш саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы Қазақстанға алғашқы сапары.

Кездесу барысында голландиялық тарап Астанадағы ҒА ҚСК-ға болашақта тапсырыс беруге дайын екенін жеткізген. 




Яндекс.Метрика